Қарағанды облысының әкімімен кездесуден кейін ауыл тұрғындарының мәселелері қалай шешілуде

Қарағанды облысының әкімімен кездесуден кейін ауыл тұрғындарының мәселелері қалай шешілуде

Қарағанды облысының Ғ.Мұстафин кентінде Нұра өзені арқылы өтетін көпір салынады. Жергілікті тұрғындар жақын арада Теміртауға тезірек жетуге мүмкіндік жасалады. Қазір олар қалаға тек айналма жолмен баруға мәжбүр, бұл 60 шақырымға алысырақ. Жаңа көпір қашықтықты бірнеше есе, яғни 11 шақырымға қысқартады. Құрылысты 2023 жылы аяқтау жоспарлануда.

Көпір салу мәселесі осы жылдың наурыз айында Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбектің Бұқар-жырау ауданының тұрғындарымен Ботақара кентінде өткен кездесуінде көтерілген болатын. Бұл жолы кездесу Ғ. Мұстафин кентінде өтті, онда тұрғындарға көпір құрылысы оң шешімін тапқаны және бұрын көтерілген бірқатар мәселелер туралы айтылды.

Бұл ауылдың тұрғындары да жолдарға назар аударуды сұрады. Кездесу алдында Жеңіс Қасымбек жөндеу жұмыстары жүргізілгелі жатқан Нұра станциясынан Ғ. Мұстафин кентіне дейінгі ұзындығы 5 км айналма жолда болып қайтты. Бұл жобаға қаражат бөлінді, мердігер анықталды.

Жалпы Бұқар Жырау ауданы бойынша кенттерге апаратын жолдарды жақсарту қолға алынды. Ростов және Центральное ауылдық округтерінде, Суықсу, Ақөре ауылдарында жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Келесі жылы "Ауыл – Ел бесігі" арнайы жобасы бойынша Шешенқара, Үштөбе, Доскей және Керней сияқты бірнеше елді мекендерді қамту жоспарлануда.

Сондай-ақ, Ғ. Мұстафин кентінің тұрғындары дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салуды сұраған болатын. Бұл мәселе назардан тыс қалған жоқ.

320 орынға арналған спорт нысаны салына бастады. Мұнда бокс және күрес залдары болады. Көше аумағы жабдықталады. Кенттегі бес балалар мен спорт алаңдарында тренажерлер орнатылады.

 Ауданда жайылымдардың жетіспеушілігі өткір мәселе болып отыр. Тұрғындармен кездесуде пайдаланылмаған жерлерді мемлекеттік меншікке қайтару бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқаны айтылды.

- Жыл сайын мал басы өсуде. Бұқар Жырау ауданы бойынша жаюға арналған жерлер тапшылығы 1 млн га құрайды, жыл басынан бері біз 40 мың га жерді қоғамдық жайылымдарға беру туралы келісімге қол жеткіздік. Осакаров, Нұра және Бұқар Жырау аудандарындағы кем дегенде 300 мың га жерді мемлекет меншігіне қайтару міндетін қоямыз. Жер мәселесі ерекше бақылауда, - деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.

Аудан әкімі Сержан Аймақовтың ақпараты бойынша, Ботақара кентінде кезекте тұрғандарды қамтамасыз ету үшін жыл соңына дейін алты 12 пәтерлі жалға берілетін тұрғын үйдің құрылысы аяқталады. Доскей ауылында бос тұрған 5 қабатты екі үй қалпына келтіріледі. Жаңаталап, Сарытөбе, Қызылжар, Асыл, Самарқанд ауылдарында және Ботақара кентінің бесінші кезектегі су құбыры желілерін салу мен қайта жаңарту аяқталады. Доскей және Үштөбе ауылдарында клубтардың құрылысына қаражат бөлінді.

Кездесу соңында облыс әкімі жеке мәселелер бойынша қабылдау өткізді.