Аудан әкімі аппаратының басшысы тағайындалды

Аудан әкімі аппаратының басшысы тағайындалды

Аудан әкімінің өкімімен ағымдағы жылдың 02 тамызында ішкі конкурс бойынша Бұқар жырау ауданы әкімі аппаратының басшысы болып Айтуған Хамзеевич Микенов тағайындалды.

Ол 1990 жылы 11 қаңтарда Нұра ауданында дүниеге келген. 2011 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша бітірген. Содан кейін Қарағанды Болашақ университетінде Экономика және бизнес магистрі дәрежесін алды.

2012 жылдың сәуір айынан 2013 жылдың қыркүйек айына дейін Қарағанды облысының қаржы басқармасында бас маман болып жұмыс істеді. 2013 жылдың қыркүйегінен 2016 жылдың маусымына дейін Қарағанды облысының мемлекеттік активтер және сатып алу басқармасында бас маман болып жұмыс істеді. 2016 жылдың маусым айынан 2018 жылдың желтоқсан айына дейін Қарағанды облысының мемлекеттік активтер және сатып алу басқармасында бөлім басшысы қызметін атқарды.

2018 жылдың желтоқсан айынан бастап тағайындалғанға дейін Қарағанды облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы болды.