Мемлекет пен азаматтардың өзара қарым-қатынасы мемлекеттік қызметтерді мінсіз қамтамасыз етудің кепілі болып табылады

Мемлекет пен азаматтардың өзара қарым-қатынасы мемлекеттік қызметтерді мінсіз қамтамасыз етудің кепілі болып табылады

Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты, тәуелсіздік алған сәттен бастап сыбайлас жемқорлықтың қайнар көзін жою, сөзсіз Тұңғыш Президент – Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың ерік-жігеріне сүйенеді.

Бірыңғай сыбайлас жемқорлыққа қарсы фронтты қалыптастыру – біздің қоғамымыздың алдында дәл осы міндет тұр. Бұл жұмысты жүргізу үшін заңнамада көптеген тетіктер көзделген. Бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және мемлекеттік органдар мен қоғам өкілдері қатысатын сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау. Яғни, нәтижеге қол жеткізу үшін барлық нәрседе ашықтық қалыптасады.

Мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылының басым және ең маңызды түрі ретінде мемлекеттік қызметтерге ерекше назар аударылады. Мемлекеттік қызметтерді жаңа туған нәрестеден бастап, зейнеткерлер мен барлық азаматтар пайдаланады.

Әлемдік және демократиялық мемлекет құрудың қазіргі кезеңінде мемлекеттік қызмет туралы көп айтылады, адамға және азаматқа көбірек көңіл бөлінеді, өткен жылдардың проблемалары мен өткен жылдардағы дағдарыстарды мемлекет заңнамалық деңгейде шешім қабылдау кезінде ескереді, бюрократиялық аппараттардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту, барлық кезеңдерде процесті автоматтандыру мемлекеттік органдардың жұмысының негізі болып табылады.

Мемлекеттік органдардың тетігін сынамалар мен қателер арқылы жетілдіру жүріп жатыр. Мұндай күрделі жолды мемлекеттік қызмет көрсетумен оның сапасы бастан өткеруде, мемлекеттік қызметтер барлық саланы және адам өмірінің барлық кезеңін қамтитынын атап өткім келеді.Туған сәттен бастап және өмір бойы, өмірден өткенге дейін адам мемлекетпен қызмет алу арқылы өзара іс-қимыл жасайды. Әрбір адам үшін бірінші қызмет және бастысы - туу туралы куәлікті алу, арнаулы әлеуметтік жәрдемақылар алу; есеюіне қарай азамат түрлі құжаттар алады, жеке куәлік, төлқұжат, кемелдік аттестатын және медициналық қызмет көрсетуді алады, кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тілек білдіргенде рұқсат беру құжаттарын және тағы басқа құжаттарды алады. Осыдан азамат мемлекеттің қызметіне толық тәуелді екендігін, ал мемлекет өз кезегінде оны толыққанды өмір сүру үшін қажетті жағдайлар мен игіліктермен қамтамасыз етуге міндетті деген тұжырым туындайды.

            Тек Мемлекет мемлекеттік қызметтерді ұсынудың негізгі көзі болып табылатындықтан және қызмет көрсету процестерін жетілдірудің тәсілдері мен әдістерін анықтайтындықтан, онда республикада жүргізіліп жатқан әкімшілік реформа кезінде шешілуі қажет негізгі міндет мемлекеттік басқарудың сапалы моделін құру болып табылады, ол өз мүдделерінде адамның және азаматтың заңды құқықтары мен мүдделерін сақтауды көздейді. Осыған байланысты, біздің еліміздің тұрғындары үшін олардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына жол бермей, Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша барлық күш-жігерімізді жұмсауымыз қажет. Біздің еліміздің Конституциясына сәйкес бұл аспектілер Қазақстан Республикасының әрбір азаматының жоғары құндылықтары болып табылады.

 

 

Мемлекеттік қызмет істері

Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің

мемлекеттік қызметтер көрсету

басқармасының бас маманы

ҚАЙРАТ МҰРАТҰЛЫ ТЕМИРЖАНОВ