Аудан әкімі Ерлан Құсайынның тұрғындармен кездесулері басталады

Аудан әкімі Ерлан Құсайынның тұрғындармен кездесулері басталады

2026 жылғы 14 сәуір мен 4 мамыр аралығында аудан әкімі Ерлан Құсайын аудан аумағындағы 29 ауылдық округте тұрғындармен жоспарлы кездесулер өткізеді.

Кездесулердің басты мақсаты – халықпен тікелей диалог орнату, тұрғындарды толғандырған өзекті мәселелерді тыңдау және оларды шешу жолдарын бірлесіп қарастыру.

Іс-шара барысында тұрғындар ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылым, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жол, білім беру, денсаулық сақтау және басқа да маңызды салалар бойынша сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдіре алады.

Сонымен қатар, әрбір кездесуде көтерілген мәселелер бақылауға алынып, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар беріледі.

Аудан әкімдігі барлық тұрғындарды аталған кездесулерге белсенді қатысуға шақырады.