
Бұқар жырау ауданының білім бөлімінің басшысы болып Жалелов Абылай Армияұлы тағайындалды.
Кадрлық өзгерістер туралы аппарат кеңесінде аудан әкімі Ерлан Құсайын хабарлады.
Абылай Жалелов 1978 жылы туған. Жоғары білімді. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін және Д.А. Қонаев атындағы университетті тәмамдаған. Мамандығы — бейнелеу өнері және сызу пәнінің мұғалімі, заңгер.
Еңбек жолын 2001 жылы Қарағанды қаласындағы №6 орта мектепте сызу және сурет пәнінің мұғалімі болып бастаған. Әр жылдары осы білім ордасында директордың тәрбие ісі және оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарды.
2012–2013 жылдары Қарағанды қаласындағы №56 жалпы білім беретін мектептің директоры болды.
2013–2023 жылдар аралығында Мағжан Жұмабаев атындағы гимназияны басқарды. 2023 жылы Қарқаралы ауданының білім бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарып, кейін бөлім басшысы болып тағайындалды. 2024 жылдан бастап Қарағанды облысы басқармасының «Қарқаралы ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы қызметін атқарды.
Мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі — 2 жылдан астам.