
2026 жылғы 4 ақпанда Дүниежүзілік сайлау күнін мерекелеу аясында Ғ.Мұстафин кентінде Бұқар жырау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасының орынбасары Д.М.Құтжановтың, аудан әкімінің кеңесшісі Ш.Р.Құрбановтың, ауыл әкімі Ғ.Мұстафин Б.Қ.Ускембекованың қатысуымен қатысуымен «Сайлау принциптері – сайлаушылар сенімінің негізі» тақырыбында құқықтық, институционалдық және азаматтық қағидалардың қалыптасқан жүйесінің нәтижесі ретінде таңдауды түсінуді көрсететін семинар-кеңес өтті.
Бұл жиында сайлау құрылымының негізін құрайтын Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының стратегиялық қағидаттары түсіндірілді. Сондай-ақ Ғ.Мұстафин кенті және Тұзды ауылы сайлау комиссияларының мүшелеріне мүгедектердің сайлау құқықтарын қамтамасыз етудің қолданыстағы ережелері түсіндірілді, соның ішінде мүгедектердің дауыс беруінде жаңа технологиялық шешімдерді пайдалану, сонымен қатар сайлау саласындағы қолданыстағы заңнамалар түсіндіріліп, қоғам өміріне инклюзивтілікті енгізу мәселелері талқыланып, мүмкіндігі шектеулі жандардың сайлау құқықтары түсіндіріліп, талқыланды.
Отырыс қорытындысы бойынша аудандық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Бұқар жырау ауданы әкімінің кеңесшісімен бірлесіп, азаматтармен жеке кездесу өткізіп, сайлауға қатысты өзекті мәселелерді талқылады.



