2025 жылғы 26 қазанда өткен Бұқар жырау аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау қорытындылары туралы хабарлама

2025 жылғы 26 қазанда №11 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Бұқар жырау аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау өтті.

Сайлаушылар тізіміне 2600 азамат енгізілді. Дауыс беруге – 1519 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша – 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 30 қатысты.

Кандидаттардың жалпы саны –- 3.

  1. №11 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Бұқар жырау аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлаудың келесі қорытындылары белгіленді:
    Әлішер Ерланұлы Аманбаев үшін 111 сайлаушы дауыс берді;
    Асылбек Рахимтаевич Балмаганбетов үшін 235 сайлаушы дауыс берді;
    Ерканат Бекзатулы Молдагулов үшін 1152 сайлаушы дауыс берді;
    «Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 13.
  2. Сайлау қорытындысы бойынша №11 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Бұқар жырау аудандық мәслихатының депутаты болып Ерканат Бекзатулы Молдагулов сайланды, 1997 жылы туған, "Бұқар жырау аудандық балалар мен жасөспірімдер мектебі" КММ дзюдодан жаттықтырушы және оқытушы, Бұқар жырау ауданы Ботақара кентінде тұрады.

Бұқар жырау аудандық сайлау комиссиясы

Дата публикации
28 октября 2025