2024 жылғы 31 наурызда бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған Бұқар жырау аудандық мәслихаттың шығып қалған депутатының орнына сайлауы өтті.
Сайлаушылар тізіміне 2883 азамат енгізілді. Дауыс беруге – 1751 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша – 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 38 қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны – 3.
№ 1 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Бұқар жырау аудандық мәслихат депутатын сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:
Дакирова Аклима Кайруллина үшін сайлаушылардың 1243 дауысы берілді,
Ермагамбетов Алмас Саканович үшін сайлаушылардың 171 дауысы берілді,
Жумкенова Гулайым Кабдуалиевна үшін сайлаушылардың 272 дауысы берілді.
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 49.
Сайлау қорытындысымен № 1 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Бұқар жырау аудандық мәслихаттың депутаты болып:
Дакирова Аклима Кайруллина, 1966 жылы туған, Қарағанды облысының кәсіпкерлер Палатасының Бұқар жырау ауданындағы филиалының директоры, Бұқар жырау ауданы Ботақара кентінің тұрғыны сайланды.
Бұқар жырау аудандық сайлау комиссиясы