Бұқар жырау аудандық сайлау комиссиясының
2024 жылғы 31 қаңтардағы
№ 7 қаулысына қосымша
Бұқар жырау аудандық мәслихатының № 1 сайлау округі бойынша шығып қалған депутаттың орнына 2024 жылғы 31 наурыздағы сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың
Күнтізбелік жоспары
|
1. Шығып қалған мәслихат депутатының сайлауын тағайындау |
|
|
|
Бұқар жырау аудандық сайлау комиссиясы Сайлау күніне дейін 60 күннен кешіктірмей, 2024 жылғы 31 қаңтар (14- б. 2-3) т., 101-б. 3-1-т.) |
|
2. Сайлау күні туралы хабарды жариялау |
|
|
|
Бұқар жырау аудандық сайлау комиссиясы Сайлау күніне дейін 60 күннен кешіктірмей, 2024 жылғы 31 қаңтар (101-б. 6-т.) |
|
3. Сайлау округтерінің тізімін, олардың шекаралары мен Бұқар жырау аудандық сайлау комиссиясының және №1 округтік сайлау комиссиясының орналасқан жерлерін көрсете отырып, тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Бұқар жырау аудандық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он күн мерзімнен кешіктірмей, 2024 жылдың 10 ақпанынан кешіктірмей (22-б. 2-т., 2-1-т.) |
|
4. Аумақтық, округтік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Бұқар жырау аудандық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он күн мерзімнен кешіктірмей, 2024 жылдың 10 ақпанынан кешіктірмей (13-б. 4-т., 15-1-б. 3-т.) |
|
5. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Бұқар жырау ауданының әкімі Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзім ішінде, 2024 жылдың 15 ақпанына дейін (23-б. 5-т.) |
|
6. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Бұқар жырау аудандық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзім ішінде, 2024 жылдың 15 ақпанынан кешіктірмей (17-б. 2-т.) |
|
7. Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсыну және округтік сайлау комиссиясына заңнамада көзделген құжаттарды ұсыну |
|
|
|
Азаматтар өзін-өзі ұсыну жолымен және саяси партияның, өзге де қоғамдық бірлестіктің тиісті филиалының (өкілдігінің), жоғары басшы органы 31 қаңтардан басталып, 2024 жылдың 29 ақпанында жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады (103-б.) |
|
8. Мәслихат депутаттығына кандидаттардың оларға Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілеу |
|
|
|
Округтік сайлау комиссиясы Көзделген құжаттарды ұсынғаннан кейін (102-б., 103-б. 6-т.) |
|
9. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну (ұсыну мерзімі басталатын айдың бірінші күні) |
|
|
|
Кандидат және оның зайыбы (жұбайы) Тіркелгенге дейін (104-б. 2-т.) |
|
10. Мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу |
|
|
|
Округтік сайлау комиссиясы 2024 жылдың 31 қаңтарынан басталады және 2024 жылдың 5 наурызында сағат 18.00-де аяқталады. (104-б) |
|
11. Кандидаттарды тіркеу туралы хаттаманы жоғары тұрған сайлау комиссиясына ұсыну |
|
|
|
Округтік сайлау комиссиясы Тіркелген күннен бастап бес күндік мерзімде (104-б. 5-т.) |
|
12. Мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
№1 округтік сайлау комиссиясы Тіркелгеннен кейінгі жетінші күннен кешіктірмей (104-б. 6-1-т. 1-тт., 16-1 б. 6-тт.) |
|
13. Кандидаттардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу |
|
|
|
Округтік сайлау комиссиясы Сенім білдірілген адамдардың тізімі тіркеуге ұсынылғаннан кейін (16-1-б, 6-тт., 31-б.) |
|
14. Кандидаттың және оның зайыбының (жұбайының) декларацияда көрсеткен активтері мен міндеттемелері туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру |
|
|
|
Мемлекеттік кіріс органдары Кандидат тіркелген күннен бастап он бес күн ішінде (104-б. 2-т.) |
|
15. Кандидаттардың сайлау қорларының арнаулы уақытша шоттарын ашу |
|
|
|
Округтік сайлау комиссиясы Кандидат тіркелгеннен кейін (өтініш білдіргенде) (34-б. 6-т.) |
|
16. Бұқаралық ақпарат құралдарында кандидаттардың арнаулы шоттарына қаражаттың түсуі және олардың жұмсалуы туралы есептерді жариялау |
|
|
|
Округтік сайлау комиссиясы Айына екі рет Қағиданың 23-т |
|
17. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды айқындау, оларды жарақтандыру және ақпараттандыру |
|
|
|
Бұқар жырау ауданының жергілікті атқарушы органдары және Бұқар жырау аудандық сайлау комиссиясы Үгіт басталғанға дейін, 2024 жылдың 5 наурызына дейін (28-б. 6-т.) |
|
18. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу |
|
|
|
5 наурызда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталып, 2024 жылдың 30 наурызында жергілікті уақыт бойынша сағат 00.00-де аяқталады (27-б. 2-т.) |
|
19. Кандидаттарға (жүгінген кезде) сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру және бөлінген үй-жайларда кандидаттардың сайлаушылармен кездесулер кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Бұқар жырау ауданының жергілікті атқарушы органдары және Бұқар жырау аудандық сайлау комиссиясы Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде (28-б. 4-т.) |
|
20. Әрбір сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін учаскелік сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну |
|
|
|
Бұқар жырау ауданының әкімі Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын, 2024 жылдың 11 наурызына дейін (26-1 б. 1-т.) |
|
21. Азаматтардың тұрғылықты жері бойынша құрылған сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда, 2024 жылдыі 15 наурызынан бастап (26-б. 1-т.) |
|
22. Сайлаушыларды дауыс беру уақыты мен орны туралы хабардар ету |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс беру өткізілетін күнге дейін он күннен кешіктірмей, 2024 жылдыі 20 наурызына дейін (18-б. 8) т., 38-б. 2-т.) |
|
23. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу |
|
|
|
Бұқар жырау аудандық сайлау комиссиясы Сайлаудан кемінде үш күннен ерте емес және сайлауға дейінгі бір күннен кешіктірмей, 2024 жылдың 28 наурызынан ерте емес және 30 наурызға дейін (37-б. 3-т.) |
|
24. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда 2024 жылғы 31 наурыз жергілікті уақыт бойынша сағат 06.00 (38-б. 1-т., 40-б. 1-т.) |
|
25. Дауыс беруді өткізу |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Сайлау күні 2024 жылғы 31 наурыз жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін, егер дауыс берудің өзге уақыты белгіленбесе (38-б. 1-т.) |
|
26. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде тиісті мәслихаттардың депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Егер дауыс берудің аяқталуының өзге уақыты белгіленбесе және дауыстарды санау басталғаннан бастап 12 сағаттан аспайтын, 2024 жылғы 31 наурызда жергілікті уақыт бойынша сағат 20.00-де басталады (18-б. 8) т., 43-б.) |
|
27. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу (43-б. 8-т.) |
|
28. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды тиісті округтік сайлау комиссияларына ұсыну |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу (108-б. 1-т.) |
|
29. Округ бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды Бұхар жырау аудандық сайлау комиссиясына ұсыну |
|
|
|
Округтік сайлау комиссиясы Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу (108-б. 1-т.) |
|
30. Мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау қорытындыларын анықтау |
|
|
|
Бұқар жырау аудандық сайлау комиссиясы Сайлау өткізілген күннен бастап екі күннен кешіктірмей, 2024 жылдың 1 сәуірден кешіктірмей (111-б. 1-т.) |
|
31. Мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау қорытындылары туралы хабарды жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау. |
|
|
|
Бұқар жырау аудандық сайлау комиссиясы Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей 2024 жылдың 6 сәуірден кешіктірмей (14-б. 9) т., 44-б. 4-т. 2) т.) |
|
32. Шығып қалған мәслихаттар депутаттарының орнына сайланған депутаттарды тіркеу және куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсыру |
|
|
|
Бұқар жырау аудандық сайлау комиссиясы (14-б. 9) т., 46-б. 3-т., 1) т., 112-б. 1-т.) |
|
33. Сайлау қорына түскен ақшаның жалпы сомасы, оның көздері мен сайлау алдындағы үгітке жұмсалған шығыстары туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Бұқар жырау аудандық сайлау комиссиясы Сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейiн бес күн ішінде (34-б. 4-т.) |
Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының, Арнаулы уақытша шот ашу және сайлау қорының қаражатын жұмсау қағидаларының (ҚР ОСК 1999 жылғы 7 тамыздағы №19/222 қаулысы) нормаларына сілтемелер берілді.