Бұқар жырау аудандық сайлау комиссиясының хабарламасы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 101-бабының 3-1, 6-тармақтарына сәйкес Бұқар жырау аудандық сайлау комиссиясы 2024 жылғы 31 наурызға № 1 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалғанның орнына Бұқар жырау ауданы мәслихаты депутатының сайлауын тағайындады.
Мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсыну 2024 жылғы 31 қаңтардан басталады.
Округ орталығы: Ботақара кенті, Қазыбек би көшесі 52, Мәдениет үйі, тел. 8(72154)21278
Округ шекаралары: Ботақара кенті: Н.Әбдіров, Қазыбек би, Сарыарқа, Әуезов, Жамбыл, Мұстафина, Бәйтерек, Достық, М. Мәметова, Ж.Тәшенов, Әйтеке би, Төле би, Жеңіс, Доскей, Абылай хан көшесі, Шешенқара ауылдық округтерінің шекраларында.
Бұқар жырау аудандық сайлау комиссиясы.