Құсайын Ерлан Бейсембайұлы 1976 жылы 24 желтоқсанда Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Бесоба ауылында дүниеге келген.
1999 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген.
2006 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін Құқықтану мамандығы бойынша бітірген.
2017 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1999 жылы Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Бесоба ауылындағы №13 орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастаған.
2001-2006 жылдары - Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Бесоба ауылы, Бесоба ауылының №13 орта мектебінің директоры және қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі.
2006-2007 жылдары - "Қарағанды облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті" ММ еңбек шарты бойынша Аудармашы, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы.
2007 жылы "Қарағанды облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті" ММ қаржы, ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімінің бас маманының м.а., Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы.
2007 жылдан 2008 жылға дейін - қаржы, ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімінің бас маманы, бас маман – аудармашысы. "Қарағанды облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы" ММ, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы.
2008-2013 жылдары - "Қарағанды облысы әкімінің аппараты" ММ баспасөз қызметінің бас маманы, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы.
2013-2014 жылдары - "Қарағанды облысы әкімінің аппараты" ММ баспасөз қызметінің бас инспекторы, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы.
2014 жылы "Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты" ММ, Қарағанды облысы, Бұқар Жырау ауданы, Ботақара кенті аудан әкімінің кеңесшісі; "Бұқар Жырау ауданы әкімінің аппараты" ММ құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы (негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалыста болу уақытына), Қарағанды облысы, Бұқар Жырау аудан, Ботақара кенті.
2014 жылдан 2015 жылға дейін - Бұқар Жырау ауданы әкімінің орынбасары, Қарағанды облысы, Бұқар Жырау ауданы, Ботақара кенті.
2015-2018 жылдары - Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының басшысы, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы.
2018 жылдан 2020 жылға дейін - Қарағанды облысы әкімі аппаратының "Қоғамдық келісім" КММ директоры, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы.
2020 жылы "Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасы" ММ басшысының м.а., Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы.
2020-2022 жылдары - "Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасы" ММ басшысы, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы.
2022 жылдан 2023 жылға дейін - Қарқаралы ауданының әкімі, Қарқаралы қаласы.
2023 жылдан 2024 жылға дейін - Қарағанды облысы әкімінің орынбасары, Қарағанды қаласы.
2024 жылдың 26 қыркүйегінен бастап Бұқар Жырау ауданының әкімі болып тағайындалды.