Тоғызқұдық ауылдық округінде кентішілік жолдарды қысқы ұстау жұмыстары басталды.

Тоғызқұдық ауылдық округінде кентішілік жолдарды қысқы ұстау жұмыстары басталды.

 

Тоғызқұдық ауылдық округінде елді мекенішілік жолдарды қысқы күтіп-ұстау жұмыстары басталды.

Мердігер ұйым — жеке кәсіпкер «Тазалық» 2026 жылғы 19 қаңтарда өз қызметіне кірісіп, алғашқы күні ауылішілік автомобиль жолдарын қардан тазалау жұмыстарын жүргізді. Жұмыстар арнайы техниканың көмегімен атқарылды. Аталған шаралар қыс мезгілінде тұрғындардың қауіпсіз әрі кедергісіз қозғалуын қамтамасыз етуге бағытталған. Елді мекенішілік жолдарды қысқы күтіп-ұстау жұмыстары ауа райы жағдайына байланысты тұрақты түрде жалғасатын болады.