Ғ.Мұстафин кентінде автомобиль көпірінің құрылысы.

Ғ.Мұстафин кентінде автомобиль көпірінің құрылысы.

Ғ.Мұстафин кентіндегі Нұра өзені арқылы өтетін автомобиль көпірінің құрылысы туралы ақпарат

Нұра өзені арқылы өтетін жаяу көпір 1969 жылы салынған. 2015 жылы су тасқынынан кейін көпір апатты деп танылды.

Нұра өзені арқылы өтетін автомобиль көпірін салу мәселесін тұрғындар әкімнің халықпен есеп беру кездесулері өткізу барысында көтерді, сондай-ақ жергілікті қоғамдастық түрлі инстанцияларға бірнеше рет хаттар жолдады. Осының негізінде "Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" ММ "Ғ.Мұстафин кентіндегі Нұра өзені арқылы өтетін автомобиль көпірінің құрылысы" жобасы бойынша ЖСҚ әзірлеу бойынша жұмыс жүргізілді, бұдан әрі Көкшетау қаласындағы "Бука" ЖШС мердігерлік ұйымы анықталды. 2022 жылдың күзінде автомобиль көпірінің құрылысы басталды. Бүгінгі таңда жұмыс жалғасуда. Көпірді аяқтау 2024 жылға жоспарланғар.