2025 жылдың 1 мамырында Ботақара кентінің Мәдениет үйінде Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Бұл күн еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің бірлігі мен татулығын білдіретін маңызды мереке.
Іс-шара аясында әртүрлі ұлттардың мәдениеті мен дәстүрлеріне арналған көрме ұйымдастырылды. Көрмеде ұлттық киімдер, қолөнер бұйымдары, дәстүрлі тағамдар мен салт-дәстүрлер таныстырылды.
Мерекеде бірлік пен келісімнің маңыздылығы туралы жүрекжарды сөздер айтылып, шығармашылық ұжымдар достықты дәріптейтін әндер мен музыкалық нөмірлер орындады.
Мерекелік іс-шара тұрғындарға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, халықтар арасындағы достық пен татулықтың маңыздылығын тағы бір мәрте айшықтады.