Ботақара кентінің Мәдениет үйінде Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерекесіне орай ерекше мазмұнды шара өтті. Іс-шараға тыл ардагері, Бұқар жырау ауданының "Құрметті азаматы" Қанағат Жұмашұлы арнайы шақырылды
"Еске алу уақыты... Ұлы Жеңіске 80 жыл" атты бұл жиында Қанағат Жұмашұлы Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тыл еңбеккерлерінің ауыр еңбегі мен отанға деген адалдығы туралы сыр шертті. Ардагер өз естеліктерінде сол бір сұрапыл кезеңдегі елдің бірлігі мен қайсарлығының маңыздылығына тоқталып, жас ұрпаққа отансүйгіштік пен еңбекқорлықтың қадірін түсіндірудің маңыздылығын атап өтті.
Шара барысында қатысушылар Қанағат Жұмашұлының әңгімесінен мол тағылым алып, ардагерге құрмет көрсетіп, алғыстарын білдірді. Сонымен қатар, Мәдениет үйінің өнерпаздары патриоттық әндер шырқалды.