Бүгін 23 сәуірде, Ботақара кентінде «Таза Қазақстан» ұлттық жобасы аясында тазалық шарасы ұйымдастырылды. Іс-шара «Аяласаң табиғатты аяла» атауымен Нұра өзенінің жағасында өтті.
Сенбілікке аудан әкімі Е. Құсайын арнайы қатысып, тұрғындармен бірге өзен маңындағы қоқысты тазалау жұмысына белсене атсалысты. Сонымен қатар, шараға мемлекеттік мекемелердің бөлім қызметкерлері мен жергілікті халық қатысты.
Экологиялық акция барысында өзен жағалауы қоқыстан тазартылып, табиғатты қорғау және қоршаған ортаны аялау идеясын насихаттау көзделді. Мұндай шаралар тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыруға және туған жерге деген қамқорлығын нығайтуға бағытталған.
Аудан басшылығы бұл бастама тек бір реттік сенбілік емес, жүйелі түрде жалғасатын игі істердің бірі болатынын атап өтті.