
Аталған экологиялық іс-шараның негізгі мақсаты – елді мекен аумағын абаттандыру, санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізу және тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыру. Сенбілікке мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, кәсіпкерлер мен тұрғындар белсене қатысуда. Қатысушылар аулалар мен көшелерді, саябақтар мен қоғамдық орындарды тазалап, айналаны ретке келтіруде.