
Ботақара кентінде тұрмыстық қиын жағдайдағы отбасыларды полиция, әкімдік, қамқоршылық бөлімі, отбасын қолдау орталығы және аурухана мамандары бірлесіп аралады. Олар отбасылардың жағдайымен танысып, қажетті көмек көрсету бойынша кеңес берді.Тексеру барысында тұрғындардың денсаулығы мен әлеуметтік жағдайы бағаланып, қиын жағдайдағы отбасыларға қолдау шаралары ұйымдастырылды. Іс-шара тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, балалардың құқықтарын қорғау және халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған.