
Ботақара кенті әкімі аппаратының мамандары кент тұрғындары арасында өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында тұрғындарға жадынамалар таратылып, пеш жағу маусымында тұрғын үйлердегі пештерді пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау қажеттігі түсіндірілді.