
2026 жылдың 14 қаңтарында Бұқар жырау ауданы әкімінің орынбасары С.Амралин, Бұқар жырау ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы А. Амре Ботақара кенті әкімдігімен бірлесіп кенттегі бір қатар дүкендер мен сауда орындарын аралап, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларына мониторинг жасалып, бизнес өкілдерімен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Биылғы жылдың басынан елімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының кеңейтілген тізбесі енгізілді. Бұрын тізбеде 19 атаудан тұрса, қазіргі уақытта 31 атауға дейін көтерілді. Атап айтқанда: күріш, бірінші сорттағы ұн, манна, қарақұмық, сұлы жармалары, бірінші сорт наны, қара бидай наны, вермишель, кеспе, рожки, сүйектері бар сиыр, жылқы, шошқа және қой еттері, тауықтар, сиыр бауыры, пісірілген шұжық, жаңа немесе салқындатылған балық, 1 литр пастерленген майлылығы 2,5% сүт, 1 литр пастерленген майлылығы 3,2-4% сүт, майлылығы 20% қаймақ, майлылығы 5-9% сүзбе, қатты ірімшік, 1 санаттағы он жұмыртқа, тұздалмаған сары май, маргарин, 1 литр күнбағыс майы, алма, кептірілген өрік, ақ қырыққабат, пияз, қызылша, сәбіз, картоп, бұршақ, түйіршіктелген қант, ұнтақталған қызыл және қара бұрыш, тұз, майонез, ашытқы, қара байхы шайы.