Ботақара кенті әкімінің қорытынды есеп беру өтті.

Ботақара кенті әкімінің қорытынды есеп беру өтті.

2025 жылдың 19 желтоқсанында аудандық мәдениет үйінде Ботақара кенті әкімі А. Отынчиевтің аудан әкімі мен кент тұрғындарының алдында есеп беру кездесуі өтті. Есептік кездесуде 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және кент аумағында жыл бойы атқарылған жұмыстар туралы баяндалды. Нақты айтқанда, келесі бағыттарда атқарылған жұмыстар қаралды: абаттандыру жұмыстары, жылумен қамту, балалар ойын алаңдарын салу, жарықтандыру жүйесін жақсарту  және басқа да маңызды мәселелер. Кездесуде кент әкімі А. Отынчиев алдыңғы есептік кездесуде тұрғындар тарапынан көтерілген сұрақтар мен өтініштерге де тоқталып өтті. Сонымен қатар, ол тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Есептік кездесуге арнайы қатысқан кент ақсақалдары мен белсенді азаматтар атқарылған айшықты жұмыстар үшін алғыс айтып, әкімге алдағы жұмысына сәттілік тіледі.