
Ботақара кентінде жаңадан салынған үш қабатты тұрғын үйлер халық игілігіне беріліп, бірнеше отбасы жаңа баспанаға қол жеткізді. Заманауи талаптарға сай тұрғызылған тұрғын үйлер толық инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген. Әр үйге су, жылу және электр жүйелері тартылған. Аула аумағы абаттандырылып, балаларға арналған ойын алаңы орнатылды, сондай-ақ көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.