
Биылғы жылы Ботақара кентінде қысқы жылыту маусымына дайындық ретінде бірқатар маңызды жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, жылу алмасу моделі «ТОМ-1 ТШПМ-2,5 мВТ» маркалы жаңа қазандықтар орнатылып, қазандыққа автоматтандырылған күл шығару жүйесіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар қазандық ғимаратының аумағын кеңейту, қазандықты оқшаулау, ұзындығы - 200 метр болатын жылу трассасы ауыстыру жұмыстары жүзеге асырылды.