Ботақара кентінде судағы қауіпсіздік бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

Ботақара кентінде судағы қауіпсіздік бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

Ботақара кенті әкімінің аппаратының мамандары суда жүзу кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы жадынама таратып, тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.Аталған шара жаз мезгілінде суға шомылу кезінде болатын қайғылы жағдайлардың алдын алу мақсатында ұйымдастырылды. Мамандар тұрғындарға су айдындарында қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін түсіндіріп, балалардың қауіпсіздігіне баса назар аударуға шақырды.Жадынамада суға түсуге тыйым салынған жерлер, суда өзін-өзі ұстау қағидалары, алғашқы көмек көрсету тәсілдері туралы нақты мәліметтер көрсетілген.