Ботақара кентінде 1 маусым – Балаларды қорғау күні кең ауқымда аталып өтті

Ботақара кентінде 1 маусым – Балаларды қорғау күні кең ауқымда аталып өтті

Ағымдағы жылдың 1 маусымында Ботақара кентінің мәдениет үйі алаңында Балаларды қорғау күніне арналған мерекелік шара ұйымдастырылды.

Іс-шараға Бұқар жырау ауданы әкімінің орынбасары Алия Шайкенова қатысып, балалар мен ата-аналарды мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

Мереке барысында балаларға арналған әртүрлі спорттық ойындар, сурет салу, логикалық тапсырмалар мен ақыл-ой ойындары өткізілді. Сонымен қатар, сахнада мерекелік концерттік қойылымдар ұсынылып, кішкентай көрермендердің көңілінен шықты.

Шара аясында балаларға тегін балмұздақтар, тәтті сусындар және тәттілер таратылды. Мереке өте жоғары деңгейде, көтеріңкі көңіл-күймен өтті.