Ботақара кентінде абаттандыру жұмыстары жалғасуда

Ботақара кентінде абаттандыру жұмыстары жалғасуда

Бүгінгі таңда Ботақара кентінде «Таза Қазақстан» акциясы аясында абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Орталық алаңдар мен қоғамдық орындарда мыңдаған түрлі-түсті гүлдер отырғызылды. Бұл жұмыстардың мақсаты — тұрғындарға жайлы және көрікті орта қалыптастыру, сондай-ақ экологиялық ахуалды жақсарту.