Мамандықпен танысу: Балқаш гуманитарлық-техникалық колледжінің студенттері теміржол кәсіпорнында

Мамандықпен танысу: Балқаш гуманитарлық-техникалық колледжінің студенттері теміржол кәсіпорнында

https://www.instagram.com/p/DJlMOvIIv8j/

13 мамыр күні Жұмысшы мамандықтарының жылы аясында А.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлық-техникалық колледжінің студенттеріне арналған Балқаш қаласындағы теміржол саласының жетекші кәсіпорындарына таныстыру экскурсиясы  ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында студенттер Балқаш вагон пайдалану депосы  мен Балқаш вагон жөндеу депосында  болып, олардың негізгі қызмет бағыттарымен танысты.  Атап айтқанда, техникалық қызмет көрсету, диагностика, ағымдағы және күрделі жөндеу, сондай-ақ вагон паркін жаңғырту  үдерістері егжей-тегжейлі көрсетілді.

Депо қызметкерлері студенттерге цехтар бойынша мазмұнды экскурсиялар  өткізіп, өндірісте қолданылатын заманауи технологиялық жабдықтарды  таныстырды. Сонымен қатар, теміржол көлігінің мамандарына қойылатын кәсіби құзыреттер мен біліктілік талаптары жөнінде жан-жақты ақпарат берілді.

Экскурсия студенттердің  кәсіби білімін тереңдетуге, нақты өндірістік жағдайлар туралы түсініктерін кеңейтуге және таңдаған мамандыққа деген қызығушылығын арттыруға  ықпал етті.

Осындай іс-шаралар тәжірибеге бағытталған білім берудің маңызды бөлігі  болып табылады және болашақ мамандардың кәсіби дағдыларын, еңбекке деген жауапкершілігін қалыптастыруда  үлкен рөл атқарады.