2025 жылғы 5–8 мамыр аралығында Қарағанды технология және сервис колледжінің базасында «Киім дизайны» құзыреттілігі бойынша арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері арасында өңірлік кәсіби шеберлік байқауы өткізілді.
Байқаудың мақсаты:
- техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы шығармашыл, дарынды педагогтерді анықтау және қолдау;
- сервис және қызмет көрсету саласындағы инновациялық педагогикалық тәжірибені тарату.
Қатысушылар:
Байқауға «Өндірістік және өңдеу салалары» бағыты және «Тігін өндірісі және киімді үлгілеу» мамандығы бойынша арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері қатысты. Қатысушылардың педагогикалық өтілі кемінде үш жыл болуы талап етілді.
Қатысушылар:
- теориялық және практикалық дайындық деңгейін;
- кәсіби шеберліктері мен педагогикалық терминологияны меңгеруін;
- оқу-тәрбие процесінде инновациялық тәсілдерді қолдануын;
- жоғары еңбек мәдениетін көрсетті.
Байқаудың негізгі нәтижелері:
- педагогтердің кәсіби-педагогикалық құзыреттерін жетілдіруге ынталандыру;
- педагогтердің кәсіби әлеуетін ашу, жаңа оқыту мен тәрбиелеу әдістерін көрсету;
- болашақ мамандарды даярлауда инновациялық технологияларды енгізу;
- озық педагогикалық тәжірибені тарату;
- кәсіби-әдістемелік жұмыстың тиімділігін талдау;
- білім беру процесі үшін құнды тәжірибесі бар үздік педагогтерді анықтау.
Байқау сервис және қызмет көрсету саласындағы мамандарды сапалы даярлау бойынша тәжірибе алмасуға және педагогтердің кәсіби дамуына серпін беретін маңызды алаңға айналды.