«Заң және Тәртіп» идеологиясын жүзеге асыру аясында облыс прокуратурасы мектептерде, колледждерде және басқа да оқу орындарында профилактикалық дәрістер оқуда. Мақсаты — жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және құқықтық сана деңгейін арттыру.
Кездесулер барысында оқушыларға заң нормалары, жауапкершілік түрлері және заңсыз мінез-құлықтың салдары түсіндіріледі. Қақтығыстардың алдын алу мәселелеріне, көмек сұрау әдістеріне және құрдастарының қысымына төтеп беру қабілетіне ерекше назар аударылады.
Іс-шараларға құқық қорғау органдарының ардагерлері, әділет органдарының өкілдері мен ұстаздар қатысып, өмірлік және кәсіби тәжірибелерімен бөліседі.
Оқушылар дәрістер туралы оң пікір білдіріп, олардың практикалық пайдасы мен өзектілігін атап өтуде.
Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады.