Халық арасындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында 2023 жылғы 29 қарашада "БЖЗҚ" АҚ ашық есік күнін өткізеді.
Күннің басты тақырыбы: "Ұлттық қор-балаларға".
"Ұлттық қор – балаларға" әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік жобасының мақсаты қандай?
"Ұлттық қор-балаларға" жобасы қашан және қалай жүзеге асырылады?
Баланың бағдарламаға қатысуы үшін не істеу керек?
Балалар өз жинақтарын қалай және қандай мақсаттарға ала алады?
Жыл сайынғы түсімдердің сомасы қалай есептеледі?
Ата-аналар немесе заңды өкілдер баласының төлемдерін қайда және қалай бақылай алады?
Алғашқы қаражат балалардың шоттарына қашан түседі?
– осы және басқа да сұрақтарға БЖЗҚ қызметкерлері жауап беріп, қатысушыларға "Ұлттық қор - балаларға" жобасының мақсаты және оны қолжетімді әрі түсінікті түрде іске асыру тетігі туралы айтып береді.
Ашық есік күні 2023 жылғы 29 қарашада онлайн-форматта өтеді
11:00-12:00 дейін - қазақ тілінде;
12:00-13:00 дейін - орыс тілінде;
15:00-16:00 дейін - қазақ тілінде;
16:00-17:00 дейін - орыс тілінде өтеді.
Іс-шараға қатысу үшін әрбір қатысушы сілтемеге https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=mb74d5d439f9eec3e2d2d55260d90ae19
өту керек, содан кейін event-кеңестің нөмірін енгізу қажет: 2518 923 3890 және event-кеңестің паролі: 123456