Педагогикалық, медициналық, шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтар бойынша конкурс нәтижесі

Педагогикалық, медициналық, шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтар бойынша конкурс нәтижесі

Педагогикалық, медициналық, шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтар бойынша конкурс нәтижесі шығарылды.
Конкурс нәтижесі бойынша 298 талапкер шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтар бойынша, 185 талапкер медициналық мамандықтар бойынша, 865 талапкер педагогикалық мамандықтар бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысының иегері атанды.
Сондай-ақ, оқуға өтініштерді қабылдау (педагогикалық, медициналық, шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтарды қоспағанда) ағымдағы жылғы 28 тамызға дейін ұзартылғанын хабарлаймыз. Конкурстар 28-30 тамыз аралығында өткізіліп, конкурс нәтижелері 30 тамызда білім басқармасының сайтында және mycolledge.kz жеке кабинетінде жарияланатын болады.