Республикалық "Үздік педагог-2022" конкурсын өткізу туралы

Республикалық "Үздік педагог-2022" конкурсын өткізу туралы

Республикалық "Үздік педагог-2022"

конкурсын өткізу туралы

 

Республикалық "Үздік педагог-2022" Конкурсының I кезеңі ағымдағы жылғы қыркүйекте өткізіледі, онда ІІ кезеңге қатысу үшін Конкурстық комиссия ұсынған аудан, қала (облыстық, республикалық маңызы бар қалалар) деңгейінде Конкурс жеңімпаздары айқындалады.

Конкурстың І кезеңі педагогтерінің құжаттарын (материалдарын) бағалау үшін Бөлім басшысының бұйрығымен аудан, қала (облыстық, республикалық маңызы бар қалалар) деңгейінде Өңірлік комиссия құрылады.

Конкурстың I кезеңіне қатысу үшін қатысушы Министрліктің ақпараттық жүйесі арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электронды форматта мынадай құжаттарды (материалдарды):

1) оқыту тіліндегі портфолионы (педагог портфолиосының құрылымы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылады);

2) сабақ (оқу) жоспарын ұсына отырып, ұзақтығы 7 (жеті) минут бейнесабақ (мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері үшін), ұзақтығы 15 (он бес) минут бейнесабақ/оқу (орта, арнайы, қосымша білім беру, техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері үшін), сондай-ақ осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бейнероликке қойылатын талаптар мен техникалық шарттарға сәйкес озық педагогикалық тәжірибені (ұзақтығы 5 (бес) минутқа дейінгі бейнеролик) трансляциялауды;

3) Министрлік айқындайтын тақырыптағы 500 (бес жүз) сөзден аспайтын эссені қоса бере отырып, Конкурсқа қатысуға өтінім береді.

Конкурстың I кезеңінің нәтижелері бойынша жеңімпаздар II кезеңге қатысуға жіберіледі.

Конкурстың II кезеңі ағымдағы жылғы қазанда өткізіледі, онда III кезеңге қатысу үшін ұсынылатын жеңімпаздар айқындалады.

ІІ кезеңнің Өңірлік комиссиясы Конкурстың І кезеңі жеңімпаздарының құжаттарын (материалдарын) және Министрліктің ақпараттық жүйесіне орналастырылған материалдарды қарайды.

ІІ кезеңнің Өңірлік комиссиясы отырысында орташа арифметикалық балға сәйкес сараланған Конкурсқа қатысушылардың қорытынды балдары есептеледі, осының негізінде ІІ кезеңнің Өңірлік комиссиясы шешім қабылдайды.

Конкурстың ІІ кезеңінің қорытындысы бойынша жеңімпаздар
III кезеңге қатысуға жіберіледі.

Конкурстың III кезеңі ағымдағы жылғы қарашада өткізіледі, онда Конкурстың жеңімпаздары анықталады. 

Конкурстың ІІІ кезеңіне қатысушылардың материалдарын бағалау сапасы үшін жауапкершілік Республикалық комиссияға жүктеледі.

Конкурстың ІІІ кезеңі екі турда өткізіледі:

бірінші тур: Республикалық комиссия мүшелерінің Конкурсқа қатысушылардың материалдарын қарауы;

екінші тур: Республикалық комиссия мүшелерінің Министрлік анықтаған білім беру ұйымында күндізгі форматта Конкурсқа қатысушы өткізетін сабақты/оқуды бағалауы.

 Начало формыКонец формы

Конкурстың ІІІ кезеңінің бірінші турында Республикалық комиссия Министрліктің ақпараттық жүйесінде орналастырылған Конкурстың ІІ кезеңі жеңімпаздарының материалдарын қарайды.

Конкурстың ІІІ кезеңінің екінші турында Республикалық комиссия Конкурсқа қатысушылардың білім беру ұйымдарында күндізгі форматта өткізетін сабақтарын (оқуларын) бағалайды (өткізілетін орынды Министрлік айқындайды).

Конкурстың ІІІ кезеңінің екінші турын өткізу үшін Министрлік Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА-мен бірлесіп білім беру ұйымдарына Конкурсқа қатысушыларды бөлуді жүргізеді, сондай-ақ күндізгі форматта сабақ (оқу) өткізу кестесін, олардың кестесі мен тақырыптарын бекітеді.

Республикалық комиссия шешімінің қорытындысы бойынша ең көп балл жинаған Республикалық конкурстың 64 қатысушыға дейінгі қатысушысы квотаға сәйкес Конкурстың ІІІ кезеңінің жеңімпаздары болады: мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтері 10 адамға дейін, орта, арнайы, мамандандырылған және қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері 34 адамға дейін, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру педагогтері
20 адамға дейін.

Республикалық кезеңге қатысқан, бірақ оның жеңімпазы болмаған «Үздік педагог» конкурсының ІІ кезеңінің жеңімпазына және атақ иегеріне Өңірлік комиссияның шешімі бойынша «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 6-тармағына сәйкес жергілікті атқарушы органдар оның ағымдағы шотына бір реттік сыйақы төлейді.

Конкурстың III кезеңiнiң «Үздiк педагог» атағын иеленушiге «Педагог мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 5-тармағында ұйғарылған мөлшерде және тәртiппен сыйақы төленеді, сондай-ақ осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «Үздік педагог» куәлігімен, осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «Білім беру ұйымының үзік педагогі» төсбелгісімен марапатталады.

 ("Үздік педагог" атағын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 12 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 9 тамыздағы №355 бұйрығынан үзінді)