Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары арасында жергілікті атқарушы органдардың еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруына конкурс өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары арасында жергілікті атқарушы органдардың еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруына конкурс өткізу туралы  ХАБАРЛАНДЫРУ

Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары арасында жергілікті атқарушы органдардың еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруына конкурс өткізу туралы

 ХАБАРЛАНДЫРУ

 

Конкурс мәні:

 

        Жергілікті бюджет қаражатынан 2022- 2023 оқу жылына арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы.

 

Конкурс ұйымдастырушысы:

 

Қарағанды облысының әкімдігі

Қарағанды  облысының білім беру басқармасы

Пошталық мекенжайы: 100000, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі, 19, 18-кабинет

Байланыс телефондары: 8(7212) 41-22-81, 41-22-88

 

Конкурс туралы ақпарат:

 

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру конкурсына білім бағдарламалары тобы бойынша әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, танылған аккредиттеу органдарының тізіліміне енгізілген институционалдық және (немесе) мамандандырылған аккредиттеуден өткен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қатысады.

Конкурс қатысушылары дайындаған конкурстық тапсырыс мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынылады.

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру конкурсына қатысу үшін жоғары оқу орындары ЖАО-ларға электрондық форматта мынадай құжаттарды:

1)  Қағидалардағы 17-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша жоғары оқу орнының өтінімін;

2) Қағидалардағы 9-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша жоғары оқу орнының сауалнамасын;

 3) Қағидалардағы 10, 11 қосымшаларға сәйкес белгіленген нысан бойынша тиісті оқу жылына арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыруға ұсыныстарды қамтитын конкурстық өтінім береді.

*Қазақтан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №122 бұйрығымен бекітілген Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге және қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларының  қосымшаларына сәйкес.

Конкурстық өтінімге кіретін құжаттар нөмірленеді, ЖОО-ның бірінші басшысы қол қояды және мөрмен куәландырылады және конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген тәртіппен электрондық форматта ұсынылады.

Конкурстық өтінім конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген сағаттан және күннен кешіктірілмей ЖАО-ға жіберіледі. Конкурстық өтінімді беру мерзімі өткен соң түскен конкурстық өтінім кешіктірілу себептеріне қарамастан қаралмайды. Оларды беру мерзімі өткеннен кейін конкурстық өтінімге қандай да бір өзгерістер енгізуге жол берілмейді.

Конкурстық өтінімді және ақпараттық карталарды g.nursultan@krg.gov.kz немесе gu.nursultan@karaganda-region.gov.kz  электронды мекен жайға сағат 16.00-ға дейін жіберу қажет.

Конкурстық өтінімге кіретін құжаттар нөмірленеді, ЖОО-ның бірінші басшысы қол қояды және мөрмен куәландырылады және конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген тәртіппен электрондық форматта ұсынылады.

Конкурсқа өтінімдерді қабылдау мерзімі: 2022 жылғы 13-18

шілде аралығында сағат 16.00-ға дейін.