Қарағанды облысының әкімдігі 2022-2023 оқу жылына арналған техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттар қабылдайды

Хабарландыру

Қарағанды облысының әкімдігі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122  «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес 2022-2023 оқу жылына арналған техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттар қабылдайды.

Конкурсқа қатысуға өтінім берген меншік нысанына қарамастан техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары конкурсқа қатысуға жіберіледі.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру 2022 жылғы 16 маусымға дейін Мемлекеттік корпорация немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.