Әзірленген нормативтік құқықтық актінің жобасы туралы
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» заңдарына сәйкес Қарағанды облысының білім басқармасымен «Коммуналдық қазыналық кәсiпорындар өндiретiн және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын белгілеу туралы» Қарағанды облысы әкімдігінің 2022 жылғы 4 наурыздағы
№ 12/01 қаулысына өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы» Қарағанды облысы әкімдігінің қаулы жобасы әзірленді.
Қаулы жобасы www.legalacts.egov.kz ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған.