Республикалық «Үздік педагог» конкурсын өткізу туралы

Республикалық «Үздік педагог» конкурсын өткізу туралы

Республикалық «Үздік педагог» конкурсын өткізу туралы

 

"Үздік педагог" атағын беру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 12 бұйрығының (2020 жылы 23 сәуірде №157 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген)  негізінде, Үздік педагог» конкурсының І аудандық (қалалық) кезеңі 2022 жылдың сәуір айында өткізіледі.

Конкурс қорытындылары бойынша жеңімпаздарға ауданның (қаланың) "Үздік педагогы" атағы беріледі және куәлік тапсырылады. Аудандық (қалалық) кезеңнің жеңімпаздары конкурстың ІІ - облыстық кезеңіне қатысуға жолдама алады.

Конкурстың II кезеңі-облыстық, жыл сайын мамыр айында өткізіледі, онда үшінші-республикалық кезеңге қатысу үшін ұсынылатын конкурс жеңімпаздары айқындалады. Ағымдағы жылы конкурстың облыстық кезеңіне қатысу туралы өтінімдер электрондық форматта бөлім басшысының қол қойылған ұсынымымен 2022 жылғы 6 мамырға дейін қабылданады. Конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаздарға облыстың "Үздік педагогы" атағы беріліп, куәлік тапсырылады."Үздік педагог" атағын иеленушіге "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 6-тармағына сәйкес жергілікті атқарушы органдар "2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" 2019 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген айлық есептік көрсеткіштің кемінде 300 еселенген мөлшерінде сыйақы төленеді.

Конкурстың ІІ кезеңінің нәтижелері бойынша жеңімпаздар үшінші кезеңге қатысу үшін жіберіледі. Конкурстың III кезеңі – Республикалық, жыл сайын тамыз-қыркүйек айларында, мұғалімдер күні қарсаңында өткізіледі.

"Үздік педагог" атағының иегеріне "Педагог мәртебесі туралы" 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 5-тармағында белгіленген мөлшерде сыйақы төленеді.