Арнайы білім беру қызметінің процестерін типтендіру жөніндегі мәселені қарау туралы
Қарағанды облысының білім басқармасы арнайы білім беру қызметінің үдерістерін типтеу, оның ішінде «Мүмкіндіктері шектеулі балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық тексеру және көмек көрсету», «Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу», «Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау» мәселелерін қарастыруда. Осыған байланысты, қазіргі уақытта осы мақсатқа қол жеткізу үшін мүмкіндіктер нарығы зерделенуде.
Қызмет процестерін типтеу келесі міндеттерді орындауға бағытталған:
Аталған мақсаттар мен міндеттерге, оның ішінде цифрландыру және автоматтандырылған жүйелерді қолдану есебінен қол жеткізілуге тиіс. Сондықтан, ақпараттық қауіпсіздік саласындағы заңнамалық талаптарға, сондай-ақ жеке деректерді сақтау және өңдеу мәселелеріне қатаң сәйкестік басым мәселе болып табылады.
Автоматтандыру біздің бейінді қызметіміз болып табылмайтындықтан, оларды толық көлемде енгізуді шарт жасалған сәттен бастап, толық дайын шешімдер ғана қаралатын болады.
Егер Сіздің компанияңыз көрсетілген шешімдер мен технологияларға ие болса, ағымдағы жылдың 16 (қоса алғанда) наурызына дейінгі мерзімде егжей-тегжейлі сипаттамасын көрсете отырып, Қарағанды облысы білім басқармасының кеңсесіне (Қарағанды қ., Әлиханов к-сі, 19) жіберулеріңізді сұраймыз, оның ішінде:
1) қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізудің көлемдері мен тәсілдерін көрсете отырып;
2) енгізудің болжамды кестесін сипаттай отырып;
3) бюджет қаражатын үнемдеу болжамымен және оның негіздемесімен қоса беріледі.
Шешімді қарау кезінде назарға алынуы тиіс әрбір көрсеткіш, фактор немесе факт бойынша растаушы құжаттардың қосымшасына жеке назар аударуды сұраймыз. Мұндай құжаттар ұсынылған ақпараттың дұрыстығын заңды түрде дәлелдеуі және дайын және қабылданған шешімдердің пайдасына куәландыруы керек.