Қарағанды облысының әкімдігі 2021-2022 оқу жылына арналған балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдайды.

Қарағанды облысының әкімдігі 2021-2022 оқу жылына арналған балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдайды.

Қарағанды облысының әкімдігі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес 2021-2022 оқу жылына қосымша білім беруге арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттар қабылдайды.

Конкурсқа қатысуға өтінім берген меншік нысанына қарамастан қосымша білім беру ұйымдары конкурсқа қатысуға жіберіледі. Конкурсқа меншік нысанына қарамастан кезкелген қосымша білім беру ұйымдары қатыса алады.

Білім бөлімдерінің өтінімдері негізінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік тапсырыс көлемі 2022 жылдың қаңтарынан бастап 2 500 орынға арналған төрт бағыт бойынша:

ғылыми-техникалық – 1 300 орын;

туристік-өлкетану – 350 орын;

әскери-патриоттық – 550 орын;

көркем-эстетикалық – 300 орынға қажеттілік бар.

Бір балаға мемлекеттік білім беру тапсырыс көлемі – 4 284 теңге.

Конкурсқа қатысуға өтініш қабылдау 2021 жылдың 29 қарашасынан бастап Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі, 19, 10 кабинетте жүзеге асырылады.

Байланыс телефондары: 8 /7212/ 410649, 8 702 630 3978