«Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ Қарағанды облысының білім басқармасының «Қарағанды техника-құрылыс колледжі» КММ директорының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

«Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ Қарағанды облысының білім басқармасының «Қарағанды техника-құрылыс колледжі»  КММ директорының  бос лауазымына  орналасуға конкурс жариялайды

«Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ Қарағанды облысының білім басқармасының «Қарағанды техника-құрылыс колледжі»  КММ директорының  бос лауазымына  орналасуға конкурс жариялайды

 

Орналасқан орны (мекен-жайы): 100000, Қарағанды қаласы, Кирпичная көшесі, 8а, тел.  (7213)  919311.

      Лауазымдық жалақысы:

Санаты

Лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты лауазымдық жалақысы (теңге)

бастап

дейін

А1-2

152 106

184 491

"Қарағанды техника-құрылыс колледжі" КММ IT бағыттағы мамандарды, құрылысшыларды, сәулетшілерді, дизайнерлерді, электромонтаждаушыларды, жиһаз жинақтаушыларды, электргазбен дәнекерлеушілерді және техник-механиктерді дайындайды. Колледжде "Тақтайшалармен қаптау", "Кірпіш қалау", "Сырлау жұмыстары", "Құрғақ құрылыс", "Сантехника және жылыту", "Электр монтаждау жұмыстары", "Витринитистика және мерчендайзинг" , "Флористика" және "Пилотсыз ұшу аппараттарын пайдалану және басқару" құзыреті бойынша WorldSkills құзыреттілік орталығы жұмыс істейді. "Ғимараттар мен құрылыстарды салу", "Жиһаз өндірісі (түрлері бойынша)", " Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (түрлері және салалары бойынша)" мамандықтары бойынша дуалды оқыту енгізілді.

2015 жылдан бастап колледж барлық мамандықтар бойынша инклюзивті білім беруді жүзеге асыруда.

Колледж қазақ және орыс тілдерінде 9 және 11 сыныптар базасында оқуға қабылдайды.

Үміткерлерге  қойылатын  біліктілік талаптар талаптары: жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейін бойынша кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлаудан өткені туралы құжат;

білім беру саласындағы жұмыс өтілі соңғы 5 жылдан кем емес, оның ішінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы басшысының орынбасары лауазымындағы еңбек өтілі кемінде 1 жыл немесе тиісті бейіні бойынша кәсіпорындағы еңбек өтілі кемінде 3жыл; оның ішінде басшы лауазымында кемінде                   3 жыл;

оқытушылық қызметті жүзеге асыру кезінде-қосымша педагогтың бірінші немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог - сарапшының, педагог - зерттеушінің, педагог - шебердің біліктілік санатының болуы.

Лауазымдық міндеттері:  Қазақстан Республикасының заңнамасына және білім беру ұйымының жарғысына сәйкес оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік, әкімшілік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметіне басшылық жасайды.

 Оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын, оқу процесінің кестесін, ішкі тәртіп ережесін бекітеді. Білім беру ұйымының басқару құрылымын, штаттық кестесін, қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді. Білім алушылардың контингентін қалыптастырады, олардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етеді. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында қоғамдық тамақтандыру, медициналық қызмет көрсету ұйымдарының жұмыс істеу және олардың жұмысына бақылауды ұйымдастыру үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз етеді.

       Жұмыс берушілермен және әлеуметтік әріптестермен жүргізілетін жұмысты үйлестіреді. Қолда бар мүліктер мен құралдарға билік жүргізеді, оқу-материалдық базаны толтыруды және оның есебі мен сақталуын, санитарлық-гигиеналық ережелер тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді. Материалдық-техникалық базаны қайта жарақтауды және қайта құруды ұйымдастырады. Педагогикалық кеңестің жұмысын басқарады. Білім беру ұйымының оқыту қызметінің саласын дұрыс ұстау және кеңейту мақсатында инновациялық білім технологияларын енгізуді және тартуды қамтамасыз етеді.

       Кадрларды іріктеу мен орналастыруды жүзеге асырады, педагогикалық және тәрбие процесінің қажетті деңгейін қамтамасыз етеді, олардың біліктілігі мен кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды.

       Үздіксіз кәсіптік оқыту жөнінде білім беру ұйымдарымен бірлескен жұмыс бойынша жалпы басшылықты жүзеге асырады.

       Жұртшылықпен байланысты қамтамасыз етеді, ата-аналармен (олардың орнын басушы адамдармен) жүргізілетін жұмысты үйлестіреді. Жоғары тұрған, қоғамдық және өзге де ұйымдарда білім беру ұйымының мүддесін білдіреді.

       Әлеуметтік серіктестік және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі шараларды жүзеге асырады. Уәкілетті органға (құрылтайшыға) оқу, ғылыми және қаржылық қызмет нәтижелері туралы жыл сайынғы есепті ұсынады. Еңбекті қорғау, техникалық қауіпсіздік жөніндегі заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілер талаптарын орындауды қамтамасыз етеді және қауіпсіз еңбек етуге жағдай жасайды.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, педагогика мен психология негіздерін,  мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, педагогика, педагогикалық психология, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, менеджмент негіздерін, қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды, еңбек туралы, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын, санитариялық ережелер мен нормаларды.

Конкурс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 ««Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мемлекеттік мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы»  бұйрығының  негізінде өткізіледі. 

Конкурсқа  қатысу  үшін  қажетті құжаттар  осы  хабарландыру жарияланған сәттен бастап 7 жұмыс  күнінің ішінде қабылданады.

Конкурсқа  қатысу  үшін  қажетті құжаттар  осы  жарияланған сәттен бастап 7 жұмыс  күнінің ішінде қабылданады. Құжаттар тізімі:

1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

       2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

       3) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;

       4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

       5) кадрларды есепке алу жеке парағы және фото;

       6) алдыңғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;

       7) қолданыстағы біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);

       8) "Денсаулық сақтау ұйымдарының алғашқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

       9) соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама;

      10) сыбайлас жемқорлық сипатында қылмыс жасағаны туралы мәліметтің болуы не болмауы туралы анықтама;

       11) тестілеуден өткені туралы құжат (болған жағдайда);

      12) біліктілікті арттыру, қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (болған жағдайда);

      13) білім берудегі менеджмент бойынша жетпіс екі сағаттан кем емес біліктілікті арттыру курстарынан өткенін растайтын құжат;

       14) Білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті  мәліметтерді мына мекенжай бойынша білуге болады: 100000, Қарағанды қаласы, Ә. Әлиханов көшесі, 19.  Қарағанды облысының білім басқармасы, 4 кабинет, анықтама  үшін  телефон: 41-22-42, электронная пошта kadr.otdel-kadr@yandex.ru.