28 қыркүйекте Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА инклюзивті білім беру орталығының қызметкерлері Қарағанды қаласының және Жаңаарқа ауданының мектептерінде білім алушыларды психологиялық - педагогикалық сүйемелдеу мониторингісі бойынша жұмыс бастады.

28 қыркүйекте Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА инклюзивті білім беру орталығының қызметкерлері Қарағанды қаласының (№25 ЖББМ, №27 ЖББМ) және Жаңаарқа ауданының (Сәкен Сейфуллин атындағы ЖББМ,
№ 132 тірек ЖББМ) мектептерінде білім алушыларды психологиялық - педагогикалық сүйемелдеу мониторингісі бойынша жұмыс бастады.
Зерттеу барысында мектептерде инклюзивті практиканы іске асырудың психологиялық - педагогикалық жағдайлары, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқытуды ұйымдастыру жөніндегі құжаттар зерделенетін болады.
Сондай - ақ, педагогтердің жеке бағдарламаларды әзірлеу бойынша жұмыс тәжірибесі зерделенеді, педагогтермен сұхбаттасу жүргізіліп, олардың инклюзивтік білім беру мәселелерінде қаншалықты хабардар екендігі анықталды, балалармен, ата - аналармен сауалнама жүргізіледі.
Жүргізілген мониторинг аяқталғаннан кейін Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды психологиялық - педагогикалық сүйемелдеу бойынша әдістемелік ұсынымдарды және сүйемелдеу моделін әзірлеуді жоспарлап отыр.