Қарағанды облысы ұстаздары үздіктер қатарында.

Қарағанды облысы ұстаздары үздіктер қатарында.

Бүгін Қостанай қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы, Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойы аясында және кәсіби мереке қарсаңында елуден астам ұстаздарға министр Асхат Аймағамбетов «Үздік педагог» төсбелгісін табыстады.
Республикалық конкурстық комиссияның қазылар алқасы шешімімен Қарағанды облысының үш мұғалімі «Үздік педагог» атағына ие болды: Шет ауданы «Ж.Ақылбаев атындағы МГ» КММ қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі Болкенбаева Айгерим, Қарағанды қаласы «Нұркен Әбдіров атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ математика және информатика мұғалімі Хорошилова Татьяна және «Қазақмыс» корпорациясының политехникалық колледжінің электротехникалық пәндер оқытушысы Данибекова Перизат. Қарағанды облысының білім басқармасы жеңімпаздарды жоғары дәрежемен құттықтайды!