Қарағанды облысында 2021-2022 оқу жылына ТжКБ ұйымдарына қабылдау жөнінде

Қарағанды облысында 2021-2022 оқу жылына ТжКБ ұйымдарына қабылдау жөнінде

 

2021-2022 оқу жылына барлығы жергілікті бюджете 8 115 орын, ал Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында 700 орын бөлінді.

8 115 мемлекеттік тапсырыстың:

- 3 839 орын (47,3%) орта буын және қолданбалы бакалавриат мамандарын даярлауға бөлінді;

- 3761 орын (46,3%)жұмысшы кадрларды даярлауға;

- 515(6,4%)медициналық мамандықтарға бөлініп отыр.

Биыл жұмысшы мамандықтарына түсу емтихандары алынып тасталды. Құжаттарды тікелей колледжге де, egov порталы арқылы да беруге болады.

Ағымдағы жылы облыста mycollege ақпараттық порталы құрылды,онда 9-сынып түлектері үшін кәсіби диагностикалық тесттен тегін өту мүмкіндігі берілген. Тест қорытындысы бойынша әрбір талапкер қандай да бір мамандықты алуға ұсынымдар алады, кәсіптер картасымен (профессиограммалармен) танысады.

Орта буын және қолданбалы бакалавр мамандарықтары  үшін құжаттарды қабылдау (25 маусымнан 18 тамызға дейін) ақпараттық жүйе арқылы жүзеге асырылады, онда талапкер 4 колледж бен 4 мамандықты таңдауға құқылы.

Педагогикалық, медициналық мамандықтар, сондай-ақ өнер және мәдениет мамандықтары бойынша оқуға түсетін адамдар арнайы немесе шығармашылық емтихандар (психометриялық тестілеу) тапсырады. Арнайы және/немесе шығармашылық емтихандардың тақырыптарын, өткізу нысанын колледждер өздері белгілейді.

Орташа конкурстық балл міндетті және бейінді пәндер бойынша ҰБДҚ арқылы айқындалады.

Педагогикалық, медициналық, шығармашылық мамандықтарға түсушілер үшін орташа балл арнайы және шығармашылық емтихандарды бағалауды қамтиды.

Әрі қарай, жүйе талапкерлерді орташа балл бойынша бағалайды. Талапкерлерді мамандықтар мен колледждер бойынша саралау 19-25 тамыз аралығында жүргізіледі.

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау 

https://mycollege.kz/