30.06.2021 ж. Жезқазған қаласында білім басқармасы және «Kazakhmys Holding» ЖШС арасындағы ынтымақтастық аясында кездесу өтті

30.06.2021 ж. Жезқазған қаласында білім басқармасы және «Kazakhmys Holding» ЖШС арасындағы ынтымақтастық аясында кездесу өтті

30.06.2021 ж. Жезқазған қаласында білім басқармасы және «Kazakhmys Holding» ЖШС арасындағы ынтымақтастық аясында кездесу өтіп, іс-шарада Балқаш, Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен Ұлытау ауданының білім беру жүйесін дамыту мәселелері қаралды. Кездесуге білім беру бөлімдерінің, білім беру ұйымдарының және «Қазақмыс» корпоративтік колледждерінің басшылары қатысты. Директорлар кеңесінің төрағасы Э.В. Огай өз сөзінде корпорацияның білім беру және әлеуметтік жобалары туралы баяндады.

 «Ұстаз – Ұлытау» педагогикалық трансформация орталығы» жаңа жобасын іске асыру барысында  кәсіптік бағдар беру сұрағына баса назар аудара отырып, оқушылардың білім сапасын одан әрі арттыру көзделіп отыр. Сонымен қатар, аталған жоба ағылшын тілі мұғалімдерінің оқыту әдістемесі бойынша біліктілігін арттыруға бағытталған.

Кездесу барысында білім беру саласы одан әрі трансформациялауды қажет ететіні атап өтілді. «Білім сапасы дегеніміз не?», «Білімді адамдар-бұл жаңа модель!" тақырыбындағы пікірталастар барысында қатысушылар білім беру адамның немесе топтардың жеке қасиеттерін, олардың білімін, іскерлігі мен дағдыларын, дүниетанымдық және мінез-құлық басымдықтарын анықтайды деген ортақ пікірге келді. Сондықтан кез келген саладағы білімді адамдар - қоғамның адамгершілік және рухани әлеуеті болып табылады.