Құрметті ата-аналар!
Қарағанды облысының білім басқармасы мектепке дейінгі білім беру саласында көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға көп көңіл бөледі.
Біз балабақшаларда ашықтықты қамтамасыз ету және бәсекелестік ортаны құру жөніндегі жұмысты жалғастырудамыз.
"Colibri" мобильді қосымшасымен бірге біз ата-аналарға ең жақсы балабақшаны таңдауға көмектесу мақсатында, басқа ата-аналардың шыншыл пікірлерін жинауды бастаймыз.
"Colibri" қосымшасы қоғамдық жоба болып табылады және бюджет қаражатын қажет етпейді. Ол AppStore, PlayMarket және colibri24.kz сайтында қол жетімді
Қосымша балабақшаның жұмысын бағалауға және рейтинг қоюға мүмкіндік береді. Бағалауды ата-аналар 10 критерий бойынша жүргізеді: тамақтану сапасынан бастап ғимараттардың тазалығына дейін.
Біз балабақшалардың ата-аналарымен араласқанын қалаймыз. Сонымен қатар, сапа мен қоғамдық бағалау мәселелері ашық ақпарат екенін түсінеміз. Жұмысты жақсарту үшін сын қабылдау керек.
Мектепке дейінгі ұйымдарды бағалау Colibri-де қазірдің өзінде қолжетімді. Шілде айында біз қосымшаның пилоттық жұмысын жүргіземіз, ал 1 тамыздан бастап жоба барлық 533 мектепке дейінгі ұйым үшін жұмыс істейтін болады.
Балабақшалар пікірлер мен рейтингтердің авторлары туралы деректерге қол жеткізе алмайды. Біз сіздің хабарламаларыңызға мұқият назар аударамыз.
Құрметті ата-аналар! Сіздерден объективті болып, белсенділік танытуларыңызды сұраймыз.
Сіздің бағалауыңыз бен кері байланысыңыз біз үшін өте маңызды.