Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен тұспа-тұс келген бұл атаулы күннің берекесі баянды бола берсін!
Әрқайсымыздың ең шуақты, ең таза және ізгі естеліктері балалық шақпен – әр жаңа күнге қуанатын, ғажайыпқа шынайы сенетін, әлем орасан зор, аспан ашық болып көрінетін керемет кезеңмен байланысты. Балалық шақтан алған әсерлеріміз әрдайым біздің есімізде. Сондықтан бұл мереке, қымбатты балалар, тек сіздер үшін ғана емес, біздер – ересектер үшін де маңызды, себебі ол балалардың өмір сүру, білім алу, демалу құқықтарын сақтаудың, түрлі зорлық-зомбылықтан қорғаудың, бала еңбегін қанаудан сақтаудың маңыздылығын еске салады.
Қоғамның басты міндеті – ақылды, білімді және тәртіпті балаларды тәрбиелеу. Әрбір бүлдіршін ата-ана мен мемлекеттің қамқорлығында болуы тиіс. Сіздердің бақытты да алаңсыз балалық шағыңыз бізге, ересектерге байланысты. Біз сіздердің өмірге нық қадам басуларыңыз үшін сенімді қорған болып, барлық жағдайды жасауымыз керек.
Сіздердің араларыңызда көптеген талантты балалар: әншілер, спортшылар, пән олимпиадалары, конкурстар, фестивальдер мен түрлі жарыстардың жеңімпаздары бар. Көпшілігіңіз, жас болсаңыз да, республикалық және халықаралық сайыстарда табысқа жетіп, біздің облыстың атын шығарып жүрсіздер.
Жаздың осы алғашқы күнінде баршаңызға шын жүректен табыс пен сәттілік, көңілді демалыс, шынайы достар, қуанышты сәттер және зор денсаулық тілейміз! Ал ересектерге өз балаларыңыз бен немерелеріңіз үшін қуанып мақтануды, дендеріңіздің саулығын және әл-ауқаттарыңыздың зор болуын тілейміз.
Біздің балаларымыздың балалық шақтары алаңсыз, көңілді және бақытты болсын!