12 мамырда Білім беруді дамытудың оқу - әдістемелік орталығы Қарағанды қаласының «№27 ЖББМ» КММ жанындағы Ресурстық орталықпен және академик Е.А. Букетов атындағы Қарағанды университетінің инклюзивті және арнайы білім беру ресурстық орталығымен бірлесіп ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды үйде оқытуды ұйымдастыру мәселелері бойынша облыстық онлайн - семинар өткізілді.

12 мамырда Білім беруді дамытудың оқу - әдістемелік орталығы Қарағанды қаласының «№27 ЖББМ» КММ жанындағы Ресурстық орталықпен және академик Е.А. Букетов атындағы Қарағанды университетінің инклюзивті және арнайы білім беру ресурстық орталығымен бірлесіп ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды үйде оқытуды ұйымдастыру мәселелері бойынша облыстық онлайн - семинар өткізілді.

12 мамырда Білім беруді дамытудың оқу - әдістемелік орталығы Қарағанды қаласының «№27 ЖББМ» КММ жанындағы Ресурстық орталықпен және академик Е.А. Букетов атындағы Қарағанды университетінің инклюзивті және арнайы білім беру ресурстық орталығымен бірлесіп ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды үйде оқытуды ұйымдастыру мәселелері бойынша облыстық онлайн - семинар өткізілді. Семинарға облыс мектептерінен 362 педагог қатысты.

2013 жылдан бастап №27 ЖББМ - нде денсаулығына байланысты мектепке уақытша немесе тұрақты бара алмайтын оқушылардың психофизикалық ерекшеліктеріне барынша бейімделген ұйымдастырушылық - педагогикалық жағдайларды жасауға бағытталған «Үйде оқыту мектебі» жобасы іске асырылуда. Жеке оқу жоспары мен сабақ кестесі үйде оқитын оқушыларға арналған Үлгілік оқу жоспарлары негізінде жасалады. Оқу бағдарламасын әзірлеу облыстық ПМПК ұсынымдарына негізделеді және баланың мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін бастапқы педагогикалық бағалаудан тұрады. Баланың отбасына қолдау көрсету ата - аналармен консультациялық жұмыс шеңберінде, сондай - ақ «Ата - аналарға арналған мектеп» жұмыс жүйесінде жүзеге асырылады.

Балалардың жеке білім беру бағытының маңызды құрамдас бөлігі балаларды тәрбиелеу мен әлеуметтендіруге бағытталған іс - шаралар болып табылады. Педагогтер мектепте сабақтар мен дамыта - түзету сабақтарын өткізуді, балаларды сынып жұмысына қосуды, басқа оқушылармен бірлесіп дамыта - түзету сабақтарына, мәдени - бос уақыт іс-шараларына қатысуды, педагогтің, сынып жетекшісінің, маманның немесе ата - ананың сүйемелдеуімен қосымша білім беру жүйесінде оқытуды қолданады.

Мұндай жұмыс түрлері үйде оқитын оқушылардың  әлеуметтік және эмоционалды байланыстарын кеңейту үшін үлкен маңызға ие және олардың дамуының жалпы деңгейіне жағымды әсер етеді. Үйде оқитын 16 баланың 35% - ы қосымша білім берумен, басқа балалармен бірлесіп түзету - дамыту сабақтарымен және сенсорлық бөлмедегі кіші топтардағы сабақтармен - 65% - ы қамтылған, 35% - ы - Монтессори элементтері бар түзету кабинетіне, 18% -ы - ӘТБ кабинетіне барады.

Семинар барысында мектеп педагогтері мен мамандары өз сабақтары мен түзету сабақтары үлгісінде  ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылармен жұмыс ерекшеліктерін көрсете отырып, үйде оқытудың жүйелі жұмысының үлкен тәжірибесімен бөлісті.