02 сәуірде Дүниежүзілік аутизм туралы ақпарат тарату күніне арналған облыстық онлайн - семинар өтті.

02 сәуірде Дүниежүзілік аутизм туралы ақпарат тарату күніне арналған облыстық онлайн - семинар өтті.

02 сәуірде Дүниежүзілік аутизм туралы ақпарат тарату күніне арналған облыстық онлайн - семинар өтті.

Аутизмі бар балаға ерте диагноз қою және көпжылдық педагогикалық қолдау ғана көмектесе алады. Аутизмі бар балаға сыртқы әлемге бейімделуге көмектесу қажеттілігіне қоғамның назарын аударуы керек. Ол үшін оған мейрімділік, басқалардың қамқорлығы, оқыту мен тәрбиелеудің ерекше шарттары қажет.

Семинарға білім беру бөлімдерінің әдіскерлері, облыс мектептерінің педагогтары мен мамандары қатысты.

Іс - шара барысында Қарағанды, Жезқазған, Шахтинск және Теміртау қалаларындағы жалпы білім беретін мектептер базасында ашылған инклюзияны қолдау кабинеттерінің мамандары мен мұғалімдері аутизммен ауыратын және ментальды бұзылыстары бар балаларға білім берудің инклюзивті моделін енгізу тәжірибесімен бөлісті.

Инклюзияны қолдау кабинеті (ИҚК) - бұл жалпы білім беретін сыныптағы негізгі оқу процесінен қол үзбей, оқушылар өз қажеттіліктеріне сәйкес көмек алатын мектептегі қосымша кабинет. Жоба кураторлары әр баланың әдістемелік сүйемелдеуін қамтамасыз етеді. Олар жеке даму бағдарламасын әзірлейді, осы бағдарлама бойынша жұмыс істеуге үйретеді және мұғалім, педагог - ассистенттер, дефектолог - мұғалімдер, логопед - мұғалімдерден тұратын ИҚК командасына консультациялық қолдау жүргізеді. Ата - аналар мен мамандардың негізгі міндеттерінің бірі - аутизмі бар балалардың тәуелсіздіктігін дамыту.

Семинар барысында қатысушылар аутистік спектрі бұзылған балалармен жұмыста ойын технологияларын қолданумен танысуға мүмкіндік алды, балалардың жеке білім беру маршруттарымен жұмысты ұйымдастыру және ата - аналарға консультация беру бойынша ұсынымдар алды.