ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРІЛУІНЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУДЫҢ, ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ЖӘНЕ ДАМЫТУДЫҢ ТИІМДІ МОДЕЛІН ҚҰРУ

ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРІЛУІНЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУДЫҢ, ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ЖӘНЕ ДАМЫТУДЫҢ ТИІМДІ МОДЕЛІН ҚҰРУ

Қарағанды облысында 2020 - 2025 жылдарға арналған инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі Жол картасының іс - шаралар жоспары шеңберінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалар үшін арнайы жағдайлар жасауға ықпал ететін іс - шаралар (арнайы жабдықпен, денсаулық сақтау жиһазымен, оқулықтармен және оқу - әдістемелік құралдармен жарақтандыру және т.б.) айқындалды.

2019 жылдан бастап «Әр бала мектепке лайық» республикалық жобасы аясында «Болашақ» Корпоративтік қорымен бірлесіп Теміртау қ. №10 ЖОМ, Жезқазған қ. №13 ОМ, №5 ЖОМ, Қарағанды қ. №102 МГ базасында аутизм және ментальді бұзылыстары бар балаларға көмек көрсету үшін инклюзияны қолдау кабинеттері ашылды.

Жобаның басты мақсаты - жалпы білім беретін мектептерге аутизм және басқа да менталдық ауытқулары бар балаларға білім берудің инклюзивті моделін енгізу.

Инклюзияны қолдау кабинеті - бұл жалпы білім беретін сыныптағы негізгі оқу үдерісінен қол үзбей, оқушылар өз қажеттіліктеріне сәйкес көмек алатын мектептегі қосымша кабинет. Ол үшін кабинетте 4 аймақ бар: жеке сабақтар аймағы, моториканы дамыту бойынша демалыс және сенсорлық жеңілдету аймағы, жоба кураторының жұмыс аймағы.

Кабинеттің арнайы жабдығы балаларға қажет болған жағдайда босауға, демалуға мүмкіндік береді, ал мамандарда балаларды оқытудың жеке жағдайларын жасауға мүмкіндігі бар.

Инклюзияны қолдау кабинеттеріне педагог - ассистенттердің, мұғалім - дефектологтардың, мұғалім - логопедтердің қосымша штат бірліктері бөлінген.

Жоба кураторлары әр баланы әдістемелік сүйемелдеуді қамтамасыз етеді, жеке даму бағдарламасын жасайды, осы бағдарлама бойынша жұмыс істеуге үйретеді және мұғалімдерге консультациялық қолдау көрсетеді.

2020 жылы «Дара» корпоративтік қорының қолдауымен Қарағанды қаласының № №25, 36 ЖББОМ және Теміртау қаласының №6 ЖББОМ базасында инклюзивті білім беруді қолдаудың ресурстық орталықтары ашылды. 2021 жылы - Шахтинск қаласының №3 ЖББМ базасында ашылды.

Ресурстық орталықтар базасында ата - аналарға кеңес беру және балалардың жеке білім беру бағыттарымен жұмыс жүргізіледі.

Ресурстық орталықтардың материалдық және әдістемелік жарақтандыруы ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды жалпы білім беретін мектептерге тиімді енгізуге жағдай жасауға ықпал етеді.