2021 жылы Қарағанды облысында "MINDAL: қосымша білім берудің электрондық жүйесі" ЭЕМ-ге арналған бағдарламалық өнім жаппай енгізілді.
Жүйені енгізу мынадай мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз етеді:
* Қосымша білім беру ұйымдарына қабылдау процесінің ашықтығын қамтамасыз ету: бөлу рәсімі, талаптар, НҚА;
* Заманауи технологияларды ескере отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламентін жаңарту;
* Ата-аналар үшін балаларды қабылдау рәсімінің ашықтығы;
* Секцияны, үйірмені және ұйымды таңдау үшін ата-аналарға толық ақпарат беру;
* Есеп беру саласында педагогикалық құрамға жүктемені азайту;
* Қосымша білім беру ұйымдарына баратын балалар контингентін есепке алу (мектеп жасындағы балаларды есепке алу процесінің бөлігі ретінде);
* Қосымша білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлердің контингентін есепке алу;
* Білім беру мониторингі мақсаттары үшін мәліметтер базасын қалыптастыру;
* Мемлекеттік органдар мен ата-аналар тарапынан еңбек, уақыт және қаржы шығындарын азайту.
@abzal_nuken
@akimat09
@rumcdo_official
@rspc_daryn