2021 жылғы 1 қаңтарынан бастап балаларды кезекке қою және мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттар қабылдау бойынша Мемлекеттік қызметтерді техникалық сүйемелдеуді көрсететін бірыңғай электрондық платформа енгізілді.

2021 жылғы 1 қаңтарынан бастап балаларды кезекке қою және мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттар қабылдау бойынша Мемлекеттік қызметтерді техникалық сүйемелдеуді көрсететін бірыңғай электрондық платформа енгізілді.

Қызмет толықтай автоматтандырылған.

Кезекке тұру үшін компьютер немесе смартфон болуы жеткілікті.

Ата-ана өтінішті нысан бойынша үш тәсілдің бірімен жібереді:

- білім бөлімі арқылы,

-"Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы",

-«Индиго 24kz» электрондық платформасы арқылы;

Егер бала жеңілдікті санатқа жататын болса, онда жеңілдікті растайтын анықтамалар қосымша тіркеледі.

"Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы", "Арнаулы мемлекеттік органдар туралы", "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында кезектен тыс орын алуға құқығы бар балалардың санаты айқындалған. Бұдан басқа, заңды өкілдері мүгедек болып табылатын балалардың; ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың және жетім балалардың; көп балалы отбасылардан шыққан балалардың; ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалардың; мүгедек баласы бар отбасылардан шыққан балалардың бірінші кезекте құқығы бар. Мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдау үшін жалпы кезек елді мекенге (қала, ауыл, кент) тиесілілігі бойынша балалардың туған жылы бойынша әрбір туған жылы үшін жеке қалыптастырылады. Кезектен тыс орын алу жөніндегі өтініштер бірінші кезекте орын алу өтініштерінің алдында орналастырылады.

Өтініштер кезек бойынша өтініш берушінің өтініш берген күні мен уақыты бойынша орналастырылады.

Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар баланың ата – анасы немесе заңды өкілі растайтын құжаттары болған кезде бір мезгілде бірнеше кезекте-жалпы кезекте, арнайы, санаториялық мектепке дейінгі ұйымдарға кезекте тұрады.

Өтініш беру және кезекте тұру үшін баланың жасы ағымдағы оқу жылының 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша толық 6 жастан аспауы тиіс (психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссияның тиісті қорытындысы бар ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалардан және ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне әлі толық 6 жасқа толмаған балалардан басқа).

Бірінші кезекте орын алу жөніндегі өтініштер жалпы негіздерде берілген өтініштер арасында "үш балаға біреу" арақатынасында бөлінеді (бірінші кезекте орын алу жөніндегі өтініш жалпы негіздерде берілген әрбір үш өтініш бойынша орналасады).

Жолдама беру кезінде баланың жасы ағымдағы оқу жылының 1 қыркүйегіндегі толық жас жағдайы бойынша ескеріледі.

Жүйе босаған орындар бюллетені жарияланғаннан кейін бірден бос орындар пайда болған кезектердің әрқайсысында мектепке дейінгі балалар ұйымына жолдама алу мүмкіндігіне басым қолжетімділікті ашады (осы кезек үшін босаған орындар саны сияқты кезектегі алғашқы өтініш берушілердің осындай санына қолжетімділік ашылады).

Кезекке кіру ашылғаннан кейін ата-аналар "Бос орындар бюллетенін" зерттеуі керек, егер ұсынылған орындардың арасында оларға сәйкес келетін балабақша болса, онда сіз кезекті тексеруге кіріп, "Жолдама алу" белсенді батырмасының көмегімен кіруіңіз керек.

Егер орын алу үшін қолжетімділік ашық болса, ал ата-аналар бар орындарға қанағаттанбаса, онда ата-аналар өз таңдауын жасағанға дейін бала кезекте қалады.

Құрметті ата-аналар! Естеріңізге сала кетейік, қызмет тегін көрсетіледі. Барлық әрекеттер электрондық жүйеде көрсетіледі және сізден басқа ешкім жолдама алу функциясына қол жеткізе алмайды. Үшінші тұлғаларға деректерді беру жауапкершілігін есте сақтаңыз.Интернет-алаяқтарға алданып қалмаңыз. Егер сізде қиындықтар туындаса, білім бөлімінің мамандары мен Индиго байланыс орталығы сізге қажетті көмек көрсетеді.